Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Балабақша

Бөбекжай 2014 жылдың 14 қазанында "Мехри-Апа" балабақшасы" жеке мекемесі болып ашылған. Бөбекжай-бақшасы Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылы, О.Расулметова көшесі, нөмірі No1 үйде орналасқан. 2018 жылдың ақпан айынан "Мехр-апа" балабақшасы жеке мекемесі, "Мехри-апа" бөбекжайы" жеке мекемесі болып атауы өзгертілді. 2023 жыл казан "айында «Мехри-Апа» бөбекжай-бақшасы болып өзгертілді.

Мектепке дейінгі балалар мекемесі 73 балаға арналған, бір қабатты ғимарат. Бөбекжай қызметі үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Бөбекжайда балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастырумен қатар жас ерешеліктерін ескере отырып, олардың физикалық, адамгершілік және зияткерлік дамуы үшін уақытты үйлесімді бөлу және қолайлы жағдайларды жасау мақсатында 3 топ жұмыс жасайды. Ұйымдастырылған іс-әрекет және тәрбие жұмыстары 3 топта қазақ тілінде жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша тәрбиеленіп жатқан балалар тізімі 73 бала. Бөбекжайда 5 жабдықталған бөлмелер бар. Олар меңгеруші, медбике, асхана, кір жуу бөлмесі, қойма және азық-түліктерді сақтау бөлмелері жұмыс жүргізуге қолайланып жабдықталған. Бөбекжай аумағында саяжайлар, гүл бақтары мен ойын алаңдарымен қатар ертегі кейіпкерлері де бар.

Бөбекжай тәрбиешілері жоғарғы білімді тұлғалар. Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Бөбекжай тәрбиешілері қай кезеңде болсын жүректері ертеңгі елім деп соғатын ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу біздерге артылған аса жоғары міндет. Сондықтан да бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл бала жанын тереңнен сезінетін, өз ісін жан-жақты білетін, бүлдіршіндерді жән-тәнімен сүйе алатын, оларды бағалай білетін нағыз маманның қолынан қолынан ғана келетін жұмыс.

Атауы Жүктеу
1 Балабакша БСН